Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік басқару
  • Құқықтану
  • Өңірлік даму
  • Еңбек ресурстарын басқару
  • Персоналды басқару
  • Азаматтық құқық

Қосымша талаптар

заң кеңесшісі

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Электронды құжат айналымын алып жүру. Аудан әкімінің кадрлық саясат және кадрлық жұмысының жүргізілуін қадағалайды. Аудан әкімінің кадрлық және негізгі мәселелер бойынша шешімдерін, өкімдерін дайындауды қамтамасыз етуге. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істерін жасау және жүргізу (мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті өзін өзі басқару комитетінің төрағалары, техникалық қызметкерлер, зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерелер); Мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтiк тiзiмiне (еңбек кiтапшаларына) қажеттi жазбалар енгiзуге; Қызметтік куәліктерді есепке алуды, сақтауды және беруді жүзеге асыру; «Е-қызмет», «МОИП» ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерінде жұмыс жүргізуге; Комиссия отырыстарының құжаттарын дайындау және ұйымдастыруға («Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау комиссиясы, еңбек өтілін белгілеу жөніндегі, комиссиясы және аттестациялық, комиссия); Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсының қорытындысы бойынша қабылданған қызметкерлердің құжаттарын Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚКД арнайы тексеруге дайындауға, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасынан сұраулар ресімдеуге. Мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағытын, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін есепке ала отырып, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге. Алматы қаласы әкімінің аппаратына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне апталық, айлық, тоқсандық және ағымдағы есептер мен ақпараттарды дайындауға. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін табельдеуді жүргізу, ауруды куәландыру қағазын ресімдеуге. Кезекшілік кестесін жасау және мереке күндері үздіксіз кезекшілікті қамтамасыз етуге. Қызметкерлер мен олардың зайыптарының (ерлерінің) кіріс және мүліктері туралы декларацияларын уақытылы тапсыруын бақылауға алуға. Қызметкерлерге қазіргі жұмысы туралы анықтамалар беруге. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге. Аудан әкімі аппаратының мұрағатына істерді тапсыруды жүзеге асыруға. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау бойынша ұсыныстар енгізуге.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2025 – 07.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30