Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық жүйелер
  • Кітапхана ісі
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму
  • Азаматтық құқық

Қосымша талаптар

есептеу техникасы және компьютерлік жабдықтар

Функционалды міндеттер

Бөлім құзыреті шеңберінде бөлімнің негізгі қызметі бойынша кеңестер мен семинарларды дайындауды қамтамасыз етуді, уақтылы және сапалы дайындауды ұйымдастырады. Референдум және барлық деңгейдегі сайлау өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аудан әкімінің ай сайынғы көшпелі кездесулерін ұйымдастырады және өткізеді, іс-шаралар жоспарын жасайды, аппарат бөлімдерінің хаттамалық тапсырмаларды орындауын бақылайды. Аудан әкімінің планерлік кеңестерін ұйымдастырады, шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етеді, құжаттарды жүйелейді, жиналысқа қатысты хаттамаларды дайындайды. «I protocol» базасында бөлімдердің хаттамалық тапсырмаларды орындауына мониторинг жүргізеді, мониторинг нәтижелері бойынша аудан әкіміне талдамалық жазбалар дайындайды. Аппараттың жұмыс жоспарын жасайды (жиынтық, талдау, ақпарат, айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлардың орындалуын бақылау). Қала және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасын тиісті құрылымдық бөлімшелерге жеткізеді және олардың орындалуы туралы мәліметтер жинайды. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Алматы қаласы әкімінің аппаратына хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп дайындайды, олардың орындалуын бақылайды. Қала және аудан әкімінің планерлік кеңестеріне жиынтық ақпарат дайындау үшін аппарат бөлімдерінің ақпараттарын жинауды және жинақтауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды уақтылы және сапалы орындайды. Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады, тізімді бекітеді, әкімнің тапсырмаларын, кездесулер барысында деректерді дайындайды, аппарат бөлімдерімен олардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.07.2025 – 29.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30