Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
702252
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Су шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Гидрология
- Техникалық физика
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
- Гидрогеология және инженерлік геология
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болу және өз функцияларын жүзеге асыру. Энергетика және инженерлік инфрақұрылым саласындағы саясатты жүзеге асыру; халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін орындау, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау; құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар енгізу; жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту сызбаларын әзірлеу және бекітуге енгізу; қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдау және болжау; инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде энергия үнемдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстарды енгізу; жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау; жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу; жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу; барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу. Бюджетті жоспарлау, атқару, нақтылау және түзетуді жүзеге асыру, мемлекеттік органға әкімшілік-қаржылық қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30