Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
702252
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қоршаған орта
- Геология
- Сәулет және құрылыс
- Су шаруашылығы
- Агрономия
- Орман шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Тау-кен ісі
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Білім (химия)
- Білім: биология
- маркшейдрлік ісі
- Химия-Биология
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болу және өз функцияларын жүзеге асыру. Инклюзивтілік және тұрақтылық қағидаттары бойынша қоғамдық кеңістіктерді дамыту арқылы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру саласында саясатты жүзеге асыру. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша бірыңғай қағидаттар мен тәсілдердің сақталуын қамтамасыз ету; қадамдық қолжетімділік және Алматы қаласын көп орталықты дамыту қағидаттары бойынша қоғамдық кеңістіктерді жобалау және құру; қоғамдық кеңістіктерге интеграциялап, субұрқақ шаруашылығын тиімді басқару және дамыту. Көпорталықтылық және тұрақтылық қағидатын ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу; қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін талдау жүргізу және халықаралық тәжірибені зерделеу; инклюзивтілік және қадамдық қолжетімділік қағидаттарымен қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлау, жобалау және іске асыру; халықтың барлық топтары үшін қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығына мониторинг жүргізу және бағалау; халықтың барлық топтары үшін қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін қолданыстағы саябақтар мен скверлерді реконструкциялау; жайлы жаяу жүргіншілер, аула және қоғамдық кеңістіктерді, саябақ түріндегі гүлзарларды жақсарту жөніндегі экологиялық қауіпсіз жобаларды әзірлеу және іске асыру; табиғатты қорғау объектілерін салу мен қайта жаңғыртуға мониторингті қамтамасыз ету; қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларын әзірлеу кезінде жоспарлау және шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету; қоғамдық кеңістіктер құру кезінде халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолайлы ортаны қамтамасыз ету аясында аудан әкімдері аппараттарының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қалалық қызметтердің және саябақтарды, скверлерді, бульварлар мен жалпы пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі өзге де ұйымдардың жұмыстарын жүргізуді үйлестіру және мониторингтеу; қоғамдық кеңістіктерді жобалау, салу және күтіп-ұстау принциптері мен тәсілдерін айқындау; өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру; аудан әкімдіктерімен және жоба әкімшілерімен бірлесіп қоғамдық кеңістіктердің жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру; Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің қоғамдық кеңістіктер бойынша жобаларының тұжырымдамаларын келісу; қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; субұрқақтарды әзірлеу және қайта жаңарту бойынша жұмысты ұйымдастыру; суды басқарудың, суды тазартудың және энергия үнемдеудің тиімді жүйелерін пайдаланатын экологиялық тұрақты субұрқақтар құру; субұрқақтардың үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуіне ықпал ететін іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету; Алматы қаласының тұрғындарын Басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі туралы хабардар ету, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастыру шеңберінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша халықтың хабардар болуын арттыру; қаланың жасыл қорын дамыту; Алматы қаласының аумағында қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастыру; Басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Бюджетті жоспарлау, атқару, нақтылау және түзетуді жүзеге асыру, мемлекеттік органға әкімшілік-қаржылық қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30