Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі Аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Техникалық физика
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
Функционалды міндеттер
Су құбыры, кәріз және Кәріз сорғы станциясы (КСС) желілерін салу қажеттілігі туралы мониторинг жүргізу, электр және газ желілерін реконструкциялау; мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша ақпарат жинау және уәкілетті органға мәліметтер беру; тоқсанішілік су құбыры және кәріз желілерін салуға Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жобалау және әзірлеу бойынша жұмыстарға жәрдемдесу; сумен жабдықтау, су бұру және КСС бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бақылайды; мердігерлік ұйымдардың мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындардың электр және газ желілерін реконструкциялауды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуін үйлестіреді; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бөлімнің анықтамалық ақпаратын дайындау; инженерлік желілерді төсеу бойынша схема-диаграммаларды дайындау; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды қарау; тиісті жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатына құжаттарды уақтылы тапсыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30