Алматы қаласы әкімі Аппаратының Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Құқық және экономика негіздері
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Алматы қаласы әкімі тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру. Алматы қаласы әкімінің, қала әкімі орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының қатысуымен өтетін іс- шараларды және мемлекеттің негізгі тұлғаларының жұмыс сапарларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысу. Алматы қаласы әкімінің көшпелі мәжілістерін ұйымдастыру және өткізу. ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша материалдарды жинақтау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президентінің Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпараттар, анықтамалар дайындау және олардың берілуін қамтамасыз етуді бақылау. ҚР Президентінің, ҚР Премьер- Министрінің қатысуымен өткен мәжілістерде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру мен бақылауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу. Аудандар әкімдері аппараттарының қызметін бақылау, әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізілуін мониторингілеу, ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30