Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының қоғамдық кеңістікті жобалау бөлімінің бас маманы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қоршаған орта
- Геология
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Жерге орналастыру
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Графика
- Мүсін
- Дизайн
- Арт - менеджмент
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Су ресурстары және суды пайдалану
Функционалды міндеттер
Өзінің қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және Су кодекс талаптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер реестрін жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, ҚНжЕ, Алматы қаласы аумағындағы құрылыс ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық, нормативтік және нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп әрекет етеді. Уәкілетті органдармен бірлесіп әрекет ету кезінде табиғатты қорғау іс- шараларын орындау мәселелерін қарайды. Басқарманың және бөлімнің жұмысын ағымдағы және перспективті жоспарлауға ұсыныстар енгізеді, бөлімнің құзырлығына кіретін іс-шараларды іске асырады. Бөлімге орындауға келіп түскен қаулылар, шешімдер, өкімдер, тапсырмалардың орындайды және оның
есебін жүргізеді. Басшының тапсырмасы бойынша ақпараттық материалдарды, әкімдіктің, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бөлімнің жоспар жобаларын және іс-шараларды қаржыландыру сметаларын жасауға қатысады, бөлімнің құзыретіне кіретін іс-шаралардың іске асырады. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту саласы бойынша қалалық бағдарламалар, жұмыс жоспарларының орындалу барысына бақылау жүргізеді, жобалауға конкурстық құжаттамалар үшін техникалық ерекшеліктерін және жобалау- зерттеу жұмыстарына есептерді жасайды, сондай-ақ бекітілген жобалау- сметалық құжаттаманы дайындап, мемлекеттік сатып алу бөліміне беру; Жобалау-сметалық құжаттаманың сапасы, құрамы мен мазмұнын және ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуын тексереді. Жиындарды өткізу үшін материалдар дайындайды, мердігер ұйымдар бойынша құжаттарды жүргізеді, мемлекеттік органдармен және басқа да қызметтермен бірлесіп әрекет етеді, Жоғары тұрған органдарға атқарылған жұмыстар бойынша есеп беруді жүзеге асырады. Жобалау ұйымдарының шарттарға сәйкес міндеттемелерін орындауын бақылайды Саябақтарды, скверлерді салу және реконструкциялау жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады және сараптама жүргізуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады, келісімшарт міндеттемелері бойынша жоспарланған жұмыстар көлеміне сметаның сәйкес болуын және іс-шараларды іске асыру барысында шарт міндеттемелері бойынша орындалған жұмыстарды келісу және тексеру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30