Алматы қаласы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 19 желтоқсанға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (бұдан әрі - өтініш), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы түсетін өтініштерді қарау сапасын бақылау мен талдауды жүзеге асыру. Өтініштерді қарау мәселелері бойынша басшылыққа мәліметтер мен ұсыныстар дайындау. Жалпы өтініштерде көтерілетін мәселелерге талдау жүргізу, өтініштерді контент-талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау, басшылыққа талдамалық материалдар дайындау. Алматы қаласы әкімінің халықпен есептік және көшпелі кездесулеріне қатысу, есептік және көшпелі кездесулер барысында келіп түскен азаматтардың өтініштерінің белгіленген тәртіпте қаралуын бақылау. ҚР Президенті Әкімшілігімен, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен, құқықтық статистика органдарымен өтініштерді қарау және орындау бойынша өзара іс-қимыл жасау. Алматы қаласы әкімдігінің сайтында бөлімнің парақшасын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2025 – 16.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30