Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.



Білімге қойылатын талаптар

екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Сәулет
  • Автоматтандыру және басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
  • Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы және қолданылуы

Қосымша талаптар

құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыстар ғимараттарын салу және пайдалану), инженер, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық құрылыс және шаруашылық 

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша жылдық және тоқсандық есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хаттарды қарастыру. Электронды құжат айналымын алып жүру. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау. Аудан тұрғындарын сапалы жылу және ыстық су қызметімен қамтамасыз ету, жылу желілерін пайдалану жұмыстарында кешенді шаралар жүргізу. Кондоминиум нысандарында көріктендіру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тазалығын қадағалау бойынша жұмыстар ұйымдастыру. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында ПИК (пәтер иелері кооперативтері) және коттедждік қалашықтармен қарым-қатынас жасау. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға қатысуды ұйымдастыру («ТКШ жаңғырту», «Аулаларды күрделі жөндеуден өткізу», «Ескі үйлерді сүру», «Қауіпсіз қала» және т.б.).Өз қызметіндегі міндеттелген лауазымдық нұсқаулықтардың шегінде аудан әкімінің шешімдерін әзірлеуге қатысу. Аудан тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізуді, трансформатор қондырғыларының қуаттылығын арттыру, сонамен қатар, электр желілерінің пайдалануға берілуінде кешенді жұмыстар ұйымдастыру. Бау-бақша бірлестіктерімен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында қарым- қатынас орнатуды қамтамасыз ету. Аудандағы бейіттердің тиісті жағдайда күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан тұрғындарын сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, су құбырында судың жіберілуін күшейту үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, инженерлік желілердің пайдалануға берілуінде кешенді жұмыстар жүргізу. Аудан тұрғындарын сапалы газ желісінің қызметімен қамтамасыз ету, газ реттегіш пункттер мен газ құбырларына техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар, газ шаруашылығын жылыту маусымына әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жер қазба жұмыстары жүргізілген жағдайда мониторинг жасау, жол төсеніштері мен жаяу жүргінші жолдарын, жасыл желектердің қайта қалпына келтірілуін үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2025 – 22.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30