Алматы қаласы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес және басқару
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Ұлттық қауіпсіздік
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық қорғау қызметі
Функционалды міндеттер
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (бұдан әрі - өтініш) қарау бойынша жұмысты үйлестіру. Құжат айналымының ақпараттық жүйесінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы келіп түсетін өтініштерді тіркеуді жүзеге асыру. Құжат жасау ережелеріне сәйкес шығыс құжаттардың ресімделу сапасын бақылау. Өтініштерді азаматтардан тікелей қабылдай отырып, белгіленген тәртіпте өтініштердің қабылданғанын растайтын талондар беру. Өтініш берушілерге олардың өтініштерін қарау барысы туралы ақпаратты телефон арқылы ұсыну. Орындалған және қаралған тапсырмаларды бақылаудан алуды жүзеге асыру. Өтініштердің қаралу жағдайы бойынша басшылыққа ақпарат беру. Қала әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын (бұдан әрі – қабылдау) ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Алматы қаласы әкімі аппаратының қоғамдық қабылдауына келген азаматтармен әңгімелесу өткізу, әңгімелесу нәтижелері бойынша жеке қабылдауға жазу. Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналына жазу, азаматтарды Қабылдау уақыты, орны және тәртібі туралы хабардар ету. Қала әкімінің жеке қабылдауының электрондық кезегін жүргізу, телефон арқылы әңгімелесу (азаматтарды қабылдау бөлімінің call-орталығы). Қабылдау кезінде келіп түскен өтініштерді тіркеу және орындауға жіберу, тапсырмалардың орындалуын бақылау. «Сенім телефоны» бойынша қоңырауларды тіркеуді жүзеге асыру, оларды басшылықтың қарауына жіберу, орындалуын бақылау. Жеке тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы есептік мәліметтер мен 1-ОЛ нысанындағы статистикалық есепті қалыптастыру және Алматы қаласы бойынша ҚСжАЕКБ-ге ұсыну. Құжат айналымы және орындаушылық тәртіп бойынша талдауды жүзеге асыру және басшылыққа мәліметтер беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30