Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 6 сәуірге дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік басқару
- Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау
Функционалды міндеттер
Ағымдағы қаржы жылына бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттар бойынша бюджет қаражатын игеруді қамтамасыз етеді. Құжаттамаға техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарын жасайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қаржылық тәуекелдерді талдауды және бағалауды, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады. Қаржылық тәртіпті бақылауды, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын, бюджет қаражатының игерілуін бақылауды қамтамасыз етеді. Жеткізушілермен Қаржы-шаруашылық операцияларды ресімдеу тәртібін бақылауды жүзеге асырады. Бөлімге қатысты құқықтық мәселелерді пысықтау, бөлімге қатысты мәселелер бойынша аппаратты азаматтық-құқықтық және сот процестерінде ұсыну. Аула аумақтарын ағымдағы жөндеуге техникалық ерекшелікті, ақаулы актілерді, сметалық құжаттаманы әзірлеу. Бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі, әкім аппаратының қаржылық жағдайы туралы ақпарат беру, бухгалтерлік есептілікті жасау, өтінімдерді ресімдеу, қазынашылық органдарында жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді тіркеу, салық есептілігін әзірлеу, өнім берушілермен салыстыру актілерін жасау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатының игерілуіне бақылауды жүзеге асырады. Мекеменің қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы бақылаушы органдарға белгіленген тәртіппен сұрау салу бойынша толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты уақтылы ұсынады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды ресімдеуді және белгіленген тәртіппен мұрағатқа беруді қамтамасыз етеді. Еңбекақы төлеу жөніндегі қызметшілермен, салықтар бойынша бюджетпен, ағымдағы шығыстар бойынша дебиторлармен және кредиторлармен уақтылы есеп айырысуды бақылауды жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасайды. Нормативтік-құқықтық актілердің және нұсқау беру сипатындағы құжаттардың, іс-шаралардың, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуы бойынша талдау ақпаратын, анықтамаларды, басқа да қажетті материалдарды әзірлейді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30