Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 25 мамырға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Педагогика және психология
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Әлеуметтік жұмыс
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Жалпы медицина
- Мемлекеттік басқару
- Медицина
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Ауданның медициналық мекемелер бірлестігімен, дәріханалармен; Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен; Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығымен; Әуезов аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен өзара байланысты жүзеге асыру. Әлеуметтік қатерлі аурулар (ЖҚТБ, маскүнемдік, туберкулез, йод тапшылығы және т.б.) жөніндегі ведомстоаралық комиссияның; мерзімді әскер қатарына шақыру комиссиясының; Әуезов ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, қорғаншылық және қамқоршылық органы комиссиясының жұмыстарына (сотқа қатысу) қатысу. Бөлім жұмысына қатысты аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу. Бөлім жұмысына қатысты аудан әкімі мен қала әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің жұмысына қатысты жұмыспен келген азаматтарды қабылдау және телефон арқылы кеңестер беру. Бөлімде атқарылған іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде бекітілген, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін сақтау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, өз өкілеттігі шеңберінде міндетті әскери қызметтен босату және уақытша босату қызметтерін жүргізу. Шұғыл жағдайларда ауыр науқастарды медициналық көмек көрсететін жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыруға жәрдемдесуді үйлестіру. Бас бостандығынан айрылған азаматтармен жұмыс жүргізу. Қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30