Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2026 жылғы 25 желтоқсанға дейін)
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қоршаған орта
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Биотехнология
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Гидрогеология және инженерлік геология
- Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы
- Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару
- Қолданбалы экология салалар бойынша
Қосымша талаптар
экология және табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысының жоспарын әзірлеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық, нормативтік және нормативтік құқықтық актілеріне қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте өзгерістер мен толықтыруларға ұсыныстар дайындауға қатысу. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, стратегиялық даму және қаланың әлеуметтік – экологиялық даму жоспарын іске асыру бойынша іс- қимыл жоспары жобаларына ұсыныстар дайындауға қатысу. Белгіленген заңнамалық тәртіпте табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімді дайындауға қатысады. Ұсынылған өтінімдердің ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкестігін және құжаттардың толықтығын қарайды, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарды және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындайды, береді және және есебін жүргізеді, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың тізілімін жүргізеді. Атмосфералық ауаға зиянды заттар көздерінен тарайтын шығарындылардың шекті жол берілетін нормативтеріне қол жеткізу мақсатында заңды және жеке тұлғаларға табиғатты қорғау іс-шараларын келісу бойынша бөлімнің жұмысына қатысады. Заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде шаруашылық қызметі нысандарының жоба алдындағы және жобалық материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді. Экологиялық сараптаманың кешенді, жан- жақты, сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, экологиялық сараптама туралы заңнама, өзге де заңнамалық актілердің талаптарын сақтау. Сараптаманы қолданыстағы стандарттар, нормалар және ережелер негізінде жүргізу, экологиялық сараптама жасаудың тәртібі мен белгіленген мерзімін сақтау, сараптаманың негізделген қорытындыларын дайындау және оны сараптама нысанын іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырыс берушілерге уақытында беру. Одан әрі қарай сараптама жасаудан бас тартқан кезде немесе материалдарды толықтыруға қайтарған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында орынды негіздемелер мен бағалар беру. Сараптама жүргізу кезінде анықталған түйткілді мәселелерді талдау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізу. Материалдардың сақталуын қамтамасыз ету және құпия құжаттарға қатысты өзінің іс-әрекетін олардың иелерімен келісу, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария болуына жол бермеу. Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсету. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету (кешенді ведомствадан тыс сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі). ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте әзірленген реестр, стандарт және регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
30 Мб