Алматыда діни әдебиеттерді тарататын орындардың тізімі жаңартылды

Алматыда діни әдебиеттерді тарататын орындардың тізімі жаңартылды

Тиісті заң жобасын әзірлеуге Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы бастамашылық етті. Аталған жобаны барлық мүдделі азаматтар талқылай алады

 Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» әкімдіктің жаңа қаулысын әзірледі. Аталған құжаттың қосымшасында діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға рұқсат етілген қала аумағындағы 29 тұрақты үй-жайлардың өзекті тізімі көрсетілген. Қаулының бұл жобасы ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді. Көрсетілген нормативтік құқықтық акт www.legalacts.egov.kz интернет-порталда 24.07.2023 ж. мен  07.08.2023 ж. аралығында орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша жобаны талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14641241.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының 9 – бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі. 

Осыған байланысты, Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы                             6 қарашадағы № 4/945  қаулысымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған 27 арнайы тұрақты үй-жай айқындалған болатын.

Аталған қаулы бекітілген сәттен бастап Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Осыған орай, нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны түзетулер енгізуді талап етті. Мұның себебі қаулы тізімінде көрсетілген бірқатар ұйымдар қызметінінің тоқтатылуы болды. Сондықтан Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен жаңа тұрақты үй-жайлар бекітіліп, олардың саны артты.

Қызмет бағыты