2025 жылдың 5 маусым күні, Алматы қаласында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының еңбек маусымының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жасыл ел» қалалық штабының ұйымдастыруымен жүзеге асады.

Жобаның негізгі мақсаты – Алматы жастарын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарта отырып, оларды уақытша жұмыспен қамту, экологиялық сана мен патриоттық рухты арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Биылғы еңбек маусымында Алматы қаласы бойынша 2100 жас уақытша еңбекке тартылатын болады. Олар қала аумағындағы саябақтар, скверлер, өзен арналары мен қоғамдық орындарды көгалдандыру және тазалау жұмыстарына қатысады.
Күні: 5 маусым 2025 жыл
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Сауда-ойын-сауық кешені «Mega Alma-Ata»
https://2gis.kz/almaty/geo/9430021605163016/76.893017,43.200742
Аккредиттеу үшін: Нұрпеисов Әділ – 8 (776) 829-78-41
Сипанов Ерлан – 8 (707) 138-30-03