Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін

Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін

Бүгін, 15 қазанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ ғалымдармен, жазушылармен, журналистермен және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Б. Сағынтаев құрметті миссияны атқарды, яғни мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушылар мен қоғамгерлергеМемлекет басшысыныңАлғыс хаттарын тапсырды.

Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымыАсылы Осман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президентіӨмірзақ Айтбаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директорыКенжехан Матыжанов, жазушыСмағұл Елубаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкеріТелхожа Джанузаков, халық жазушысыМұхтар Шаханов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директорыЕрден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасарыМереке Құлкенов, Ұлттық аударма бюросының редакторыНазгүл Қожабекова, жазушы-публицистЖұмаш Кенебай, «Жас қазақ» газетінің бас редакторыСмайыл Срайылболды.

Кездесу барысындамемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселелері талқыланды және өзара пікір бөлісті. Сонымен қатар қала мектептерінің кітапханаларын, қазақ жазушыларының кітаптары мен толтыру және интернет базасын қазақ тілді контентпен толықтыру ұсынылды.