Almaty Investment Forum 2020
2020 жылдың 3 желтоқсан күні Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Алматы» ӘКК және Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған Алматының инвестициялық форумы 2020 онлайн форматта өтті.
Мемлекеттік органдардың, банктердің, кәсіпорындардың, IT және инвестициялық компаниялардың өкілдері, түрлі қызмет саласындағы шетелдік сарапшылар Алматы инвестициялық форумының спикерлері болды.
Форумның басты мақсаты – коронавирус пандемиясына орай шағын және орта бизнестің қиын жағдайдан шығуының нақты көрінісін қалыптастыру және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 триллион теңгені ($ 3,5 млрд АҚШ долл.) құрайтын 55 меморандумға қол қойылды.
Қызмет бағыты