Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық мекемелер жаңғыртылуда

Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық мекемелер жаңғыртылуда

Алматыда денсаулық сақтау нысандарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қалада жаңа емханалар салынып, қолданыстағы ауруханалар жаңғыртылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі кеңейтілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау саласындағы 10 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Құрамыс, Шұғыла, Алтай-1, Ақжар шағынаудандарында және Әйтеке би көшесінде бес жаңа емхана салынуда.

– Сонымен қатар №7 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту, №1 және №2 перзентханаларды жаңғырту, Алатау қалалық емханасын жаңарту, сондай-ақ №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына қосымша ғимарат салу жұмыстары жалғасуда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Саялы шағынауданында және Айбасов көшесінде ауысымына 200 адамды қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Бұдан бөлек, №16 қалалық емханада күрделі жөндеу, қалпына келтіру және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Қызмет бағыты