Алматыда алдағы демалыс күндері Алматы облысы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді

Жарияланған күні: 09 қазан 2020

Алматыда 2020 жылдың 10-11 қазанында ағымдағы жылы алғаш рет кеңейтілген жәрмеңке өтеді.

Жаңа маусымды ашуға Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары және Алматы облысының 17 ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері келеді, сонымен қатар, жәрмеңкеге «Жетісу» ӘКК »ҰК» АҚ да қатысады.