«Жасөспірім» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы
Кәмелетке толмағандар арасында жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы 10 сәуір мен 06 мамыр аралығында «Жасөспірім» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысын алдын алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықты алдын-алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.