Киберқауіпсіздік жайлы бейнероликтер азаматтардың цифрлық хабардарлығын арттырады

Жарияланған күні: 10 қазан 2023

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды.

«Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша бейнероликтер әзірленді (Бұдан әрі-бейнероликтер).

Үздіксіз цифрлық трансформацияны ескере отырып, киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиена мәселелері туралы хабардар болу әрбір азамат үшін маңызды болып табылады.

Осыған байланысты Комитет Сіздің ресми сайттарыңызда, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ қоғамдық орындарда жарияланған мазмұнға ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған арнайы бейнелерді қосуды ұсынады.

Бұл бейнематериалдар азаматтардың цифрлық кеңістікте өз қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын кеңейтуге, оларды негізгі сақтық шараларымен және интернеттегі жауапты мінез-құлықпен таныстыруға мүмкіндік береді.

Комитет сонымен қатар ақпаратты мүмкіндігінше кең аудиторияға жеткізу үшін бұл бейнелерді жергілікті БАҚ арналары арқылы таратуды маңызды деп есептейді.

Комитет бұл бастама біздің азаматтарымыз үшін қауіпсіз цифрлық ортаны құруға ықпал етеді деп санайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бейнероликтерді орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Комитетті заңнамада белгіленген мерзімде хабардар етуді сұраймыз.