Алматыда коронавируспен ауыратын науқастарға психологиялық қолдау көрсетілуде

Жарияланған күні: 11 тамыз 2021

Бір ай шамасында Алматы қаласында Психикалық денсаулық орталығының базасында инфекциялық стационар ашылды. Оның жұмысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде директор Сапар Рахменшеев айтып берді.

Сапар Рахменшеевтің айтуынша, ковидтік стационар жұмыс істеген кезеңде орталықтың базасына ауру ағымының түрлі ауырлық дәрежелері бар 864 пациент келіп түсті, 435 пациент шығарылды, 8 – өлім жағдайы орын алды.

Ол ауыр дәрежелі сырқатқа шалдыққан барлық науқастардың коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алмағандығын атап айтты.

Сапар Рахменшеев алматылықтардан өзін-өзі емдеумен айналыспауды, сұрақтар туындаған жағдайда Телемедицина орталығының телефондарына хабарласуды сұрады