Алдағы уақыттағы халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы не білген жөн
1 ақпаннан бастап Алматыда коронавирусқа қарсы жоспарлы вакциналау басталды. Алайда, бұл қарсы егу жұмысы аса қолайлы емес эпидемиологиялық жағдай уақытында жүргізілуде. Қаңтар айында ел қауіпсіз "жасыл" аймақтан қатері жоғары – "қызыл" аймаққа көшті
Қазір Алматыда жаппай вакциналауға дайындық жүріп жатыр. Қазірдің өзінде екі мыңнан астам медицина қызметкері коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау тактикасы, сондай-ақ вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытудан өткізілді.