Алматының бас санитарлық дәрігері білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі қаулыға қол қойды
Оқу жылының үшінші тоқсанында:
📌 300 оқушыға дейінгі контингенті бар сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта оқыту
📌 ата-аналардың өтініштері бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін аралас оқыту (халықаралық мектептерде 7-сыныпты қоса алғанда)
📌 бітіруші сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқыту (сынып толымдылығы 15 адамнан артық болмауы тиіс)
📌 сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту
❗️Сондай-ақ, 2021 жылдың екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық оқуға орала алады.