Айтылды - Орындалды: Қаладағы жол инфрақұрылымы

Жарияланған күні: 03 ақпан 2021

2020 жылы қаладағы 283 көше күрделі жөндеуден өтті. Оның ішінде қаланың шеткі аудандарындағы жолдың инфрақұрылымын жақсартуға аса басымдық берілді. Ауқымды жұмыстың нәтижесінде мегаполистің жол-көлік инфрақұрылымы 80%-ға жақсарды. Сондай ақ өткен жылы жалпы ұзындығы 42,8 км болатын 167 көшеге жаңадан асфальт төселді. Осылайша көптеген күрделі мәселе шешімін тапты.

 

Сонымен қатар, бүгінде 3 жолайрықтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Рысқұлов – Емцов, Сейфуллин – Жансүгіров, Бұқтырма  – Құлжа тас жолындағы құрылыс 2021-2022 жылы пайдалануға беріледі. Ал Абай көшесін созу биыл аяқталады.

 

Ал 2025 жылға 327 км жол жаңадан салынады, 552 км жолға күрделі жөндеу жасалады. Нәтижесінде қаладағы жол инфрақұрылымы 95%-ға жақсарады.