Алматы қаласындағы кітапхана жүйесінің модернизациясы

Жарияланған күні: 03 ақпан 2021

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ғасырлық тарихы бар ескі кітапханаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.  Алматының әр ауданында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 25 филиалы бар.

Жыл бойы жүргізілген қарқынды жұмыс нәтижесінде қаладағы 10 кітапхана жаңаша көмкерілді. Енді олар шаң басқан кітап қоймасы емес, заманауи бағыттағы кітап үйіне айналды. Бірінде коворкинг орталығы болса, енді бірінде оқырманға қызмет көрсету сапасы артты. Одан бөлек, кітап қоры да айтарлықтай толықты.