Алматы колледждері WorldSkills Kazakhstan-2026 чемпионатына дайындалуда


2026 жылы 15 сәуірде Алматы қаласының Білім басқармасы және қала колледждері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді WorldSkills Almaty-2026 өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын WorldSkills Kazakhstan-2026 республикалық чемпионатына даярлау үдерісіне арналған баспасөз турына шақырады.
Үш колледж «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда фрезерлік жұмыстар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) желілерінің инфрақұрылымы» және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттері бойынша студенттерді даярлау барысын көрсетеді.
«Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда фрезерлік жұмыстар»
Уақыты: 10:00
Орны: Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі (Дегдар көшесі, 10/3)
Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі «WorldSkills Almaty-2026» өңірлік чемпионатының «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда токарлық жұмыстар» және «Сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктарда фрезерлік жұмыстар» құзыреттері бойынша жеңімпазы саналады. Оның базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген Құзыреттер орталығы жұмыс істейді, онда көлік, машина жасау және энергетика салалары бойынша 6 мамандық бойынша даярлық жүргізіледі.
«АКТ желілерінің инфрақұрылымы»
Уақыты: 11:00
Орны: Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжі (Заветная көшесі, 41)
Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжі «WorldSkills Almaty-2026» өңірлік чемпионатының «АКТ желілерінің инфрақұрылымы» құзыреті бойынша жеңімпазы саналады. Оның базасында құны 1,8 млрд теңге болатын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген Құзыреттер орталығы жұмыс істейді, онда АКТ, көлік, машина жасау және энергетика салалары бойынша 6 мамандық бойынша даярлық жүргізіледі.
«Бастауыш сыныптарда оқыту»
Уақыты: 12:00
Орны: №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі (Шемякин көшесі, 131)
№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі «WorldSkills Almaty-2026» өңірлік чемпионатының «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреті бойынша жеңімпазы саналады. Аталған мамандық бойынша мамандар жоғары деңгейде даярланады. Оқу кабинеттері заманауи техникамен, қажетті құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген, педагогика және филология салалары бойынша 7 мамандық бойынша мамандар дайындайды.
Баспасөз турының мақсаты: даярлық барысы туралы ақпарат тарату, заманауи білім беру технологиясы мен WorldSkills стандарттарын көрсету, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыру.
Баспасөз турына қатысу аккредитация керек: Асан Қуанов, 87759894746
АЛМАТЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНЕ БАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
|
№ р/с |
Уақыты |
Орналасқан жері |
|
1 |
8:30 – 9:00 (Жиналу) |
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы тұрақ (Республика алаңы) |
|
2 |
10:00 – 10:30 |
Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі (Дегдар көшесі, 10/3) |
|
3 |
11:00 – 11:30 |
Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжі (Заветная көшесі, 41) |
|
4 |
12:00 – 12:30 |
№1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі (Шемякин көшесі, 131/1) |
|
5 |
12:30 |
Түскі ас, нетворкинг, жиналу орнына қайту |
|
Қосымша сұрақ туындаса, +7 775 989 4746 телефон нөмірі бойынша |
||
15 сәуір 2026
Хабарландыру