Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді


🖇️ 24 наурыз, 15:00
📍 Абай алаңы

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай Алматыда «NAURYZ OPEN AIR» мерекелік концерті ұйымдастырылады.

24 наурыз күні сағат 15:00-де Абай алаңында қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды.

Концертке Ермек Меденов, Алтынбек Тәшімбетов, Сандуғаш Стамгазиева, Димаш Дәулетов, Асхат Тарғын, Саят Медеуов, Алма Аманжолова, Айбек Мұхамедәлі, Бибігүл Қилымхан, Айбар Серкебаев және «Art Band» вокалды-аспаптық ансамблі қатысады.

Наурыздың нұрлы сәтін әсем әуенмен әсемдеңіз!

Қапы қалмаңыздар!

Оқиға күні

24 наурыз 2026

Өткізу орны

Абай алаңы

Оқиға түрі

Концерт