Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафеталар өтеді

Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафеталар өтеді

17 наурыз күні сағат 11:00-де «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Наурызнама онкүндігі аясында Шаңырақ күні — Отбасы күніне арналған инклюзивті санаттағы балалар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған отбасылық спорттық эстафеталар өтеді.

Жарысқа инклюзивті санаттағы балалар мен олардың туыстары және жақындарынан құралған командалар қатысады.

Іс-шара бағдарламасына бірнеше спорттық және ойын кезеңдері енгізілген. Атап айтқанда, «Баланс», «Допты бақылау», «Олимпиадалық шеңбер», «Пирамиданы құрастыр» және «Балалар — өмір гүлі» атты эстафеталар ұйымдастырылады.

Жарыстың негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды қолдау, инклюзивті спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шараны ақпараттық тұрғыда жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

📍 Өтетін орны: «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жайсан көшесі, 20/1
📅 Күні: 2026 жылы 17 наурыз
🕚 Басталу уақыты: 11:00

Ұйымдастырушы: Алматы қаласының Спорт басқармасы.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу: +7 777 115 33 55.

Оқиға күні

17 наурыз 2026

Өткізу орны

«Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жайсан

Оқиға түрі

Қалалық фестиваль