Құрметті Алматы тұрғындары!

Құрметті Алматы тұрғындары!

25 ақпанда сағат 11:00-де қалада «Көктем-2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

Тексеру барысында «Барлығыңыздың назарыңызға!» дабыл сигналы бойынша қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылады. Сондай-ақ сынақ хабарламасын тарату үшін теле- және радиоарналарды уақытша үзу жүйесі іске қосылады.

⚠️ Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл жоспарлы оқу-жаттығу.

🔊 «Барлығыңыздың назарыңызға!» сигналы – төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратар алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту белгісі.

Дыбыстық сигналды естіген жағдайда:
• теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу;
• ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеру;
• берілетін ақпаратпен және одан әрі әрекет ету жөніндегі нұсқаумен мұқият танысу қажет.


📍 25-26 ақпанда Алматыда «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығу аясында қаланың әр ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы бақылауда.

Қаланың жедел қызметтері алдын ала қажетті профилактикалық шараларды жүргізіп отыр.

Маусымдық өзгерістер негізінен қалың жауын-шашын мен көктемгі қардың еруіне байланысты, бұл Алматы үшін қалыпты табиғи құбылыс.

✅ Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қала аумағынан 150 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Басталу уақыты

25 ақпан 2026

Соңғы күні

26 ақпан 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру