Құрметті БАҚ өкілдері! Алматыда үздік еріктілерді марапаттау рәсімі өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері!  Алматыда үздік еріктілерді марапаттау рәсімі өтеді

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай Алматы қаласында еріктілік қозғалысты дамытуға үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды марапаттайтын салтанатты жиын өтеді.

Іс-шара барысында қаланың әлеуметтік бастамаларына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен үздік еріктілер марапатталады. Сонымен қатар, қалалық еріктілік экожүйені дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бастамалар таныстырылады.

Жиынның мақсаты – қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген жастарды қолдау, еңбегін дәріптеу және еріктілік мәдениетті кеңінен насихаттау.

Өтетін орны: «Concordia» студенттер театры, Бөгенбай батыр көшесі, 151
https://2gis.kz/almaty/geo/9429940001105779
Күні мен уақыты: 5 желтоқсан, 15:00

Іс-шараға қалалық ұйымдардың өкілдері, жастар көшбасшылары, еріктілік қозғалыстың белсенділері қатысады.

Тіркелу үшін байланыс нөмірі:
Келемеденов Мейіржан,
Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы
+7 (702) 286-25-20

Оқиға күні

05 желтоқсан 2025

Өткізу орны

«Concordia» студенттер театры, Бөгенбай батыр көшесі, 151

Оқиға түрі

Құттықтау

Кіру

-