«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы «Қағаз boom» экологиялық акциясы


2025 жылы 14 қараша күні сағат 16:00-де Жетісу ауданы комьюнити орталығында «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында тұрғындар газет, журнал, картон, кеңсе қағазы сынды қажетсіз қағаз өнімдерін комьюнити орталыққа өткізе алады. Жиналған барлық макулатура арнайы қағаз қабылдайтын пунктке тапсырылады.
Акцияның басты мақсаты – қағаз қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Экологиялық жауапкершілігі жоғары баршы тұрғынды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Күні: 14.11.2025
Мекенжайы: Боткин көшесі, 18/1
Уақыты: 16:00 (бұл уақыттан ерте тапсыруға болады)
Байланыс нөмірі: 8 700 121 4656 - Сәния
13 қараша 2025
Боткин көшесі, 18/1
Хабарландыру