Алматыда Республика күні қарсаңында, жаңа студенттік жатақхананың ашылуы өтеді.


Құрметті БАҚ өкілдері!
Алматыда Республика күні қарсаңында, жаңа студенттік жатақхананың ашылуы өтеді.
Алматы қаласында Республика күніне орай Азаматтық авиация академиясында 482 орындық жаңа студенттер үйінің салтанатты ашылуы өтеді. Жаңа ғимарат — азаматтық авиация саласының болашақ мамандарының тұруына, оқуына және шығармашылық дамуына арналған заманауи кеңістік.
Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, студенттік жатақханаларды салу бойынша жобалық кеңсе аясында жүзеге асырылды.
Жатақхана заманауи стандарттарға сай салынған: секциялық форматтағы бөлмелер, оқу мен демалыс аймақтары, спорт залы, медициналық кабинет және абаттандырылған аула бар.
Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігі мен білім саласының өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысады.
Іс-шараның басталуы: 24.10.2025ж., 10:30
Мекенжайы: Қалмаржын 55
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001104016700
Байланыс үшін: Келемеденов Мейіржан, Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы, +7 (702) 2862520
24 қазан 2025
Мекенжайы: Қалмаржын 55 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001104016700
Хабарландыру