Алматы инвесторларды шақырады: 2025 жылы 12 шілдеде Ашық есік күні өтеді


2025 жылы 12 шілдеде Алматыда инвесторларға арналған Ашық есік күні өтеді. Іс-шараға Алматы қаласының басшылығы қатысады.
Ашық есік күні – қаланың қолданыстағы және әлеуетті инвесторларымен ашық диалог орнатуға арналған тиімді алаң болмақ. Іс-шара барысында қатысушылар өзекті әрі келешегі зор жобалармен танысып, өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылай алады. Сондай-ақ, қатысушылар Алматы қаласының басшылығымен тілдесіп, сұрақ қойып, пікір алмаса алады.
Іс-шара «Almaty Business Development Company» компаниясының алаңында өтеді. Бұл компания Алматы қаласына инвестиция тарту және инвесторларды кешенді қолдау жұмыстарын жүзеге асыратын өңірлік ұйым. «Бір терезе» қағидаты негізінде компания инвестициялық жобаларды жан-жақты сүйемелдеп, толықтай кеңес беру қызметін ұсынады. Оның негізгі міндеті – қаланың басым бағыттарына инвестиция тарту, мемлекеттік және өңірлік қаржыландыру бағдарламалары бойынша кеңес беру, сондай-ақ жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде – рұқсат құжат рәсімдеуден бастап мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға дейін толық қолдау көрсету.
Өтетін күні: 2025 жылы 12 шілде
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Байзақов көшесі, 303 үй, 2-қабат
11 шілде 2025
Өтетін күні: 2025 жылы 12 шілде Уақыты: 10:00 Өтетін орны: Байзақов көшесі, 303 үй, 2-қабат
Хабарландыру
бесплатно