«Алматы музейлері: Тарихқа саяхат»
Сіздерді Алматы қаласының бірегей музейлерін зерттеуге арналған «Алматы музейлері: Тарихқа саяхат» атты баспасөз турына қатысуға шақырамыз. Іс-шара аясында сіздер жаңа экспозициялармен, эксклюзивті музей экспонаттарымен және төмендегі музейлерде ұсынылған ерекше туындылармен танысасыздар:
- Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейі
- Д.А. Қонаев атындағы музей
- Алматы қаласының тарихы музейі
Баспасөз туры сіздерге қаланың мәдени мұраларын жаңа қырынан ашуға, соңғы музей жобаларын алғашқылардың бірі болып бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламада арнайы спикерлер «Almaty Tourism Bureau» басшысы Камилла Лукпанова және «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» басшысы Ләззат Сағындықова музей ісін дамыту туралы эксклюзивті ақпаратпен бөлісіп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап бермек.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Almaty Tourism Bureau» ЖШС, Алматы қаласы мәдениет басқармасы жанындағы «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» және Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылдың 27 қыркүйегі, сағат 09:45
Жиналатын орын: Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейі, Зенков көшесі, 24а
БАҚ АККРЕДИТАЦИЯ МІНДЕТТІ! Аккредитация 2024 жылдың 26 қыркүйегі, сағат 14:00-ге дейін ашық.
Аккредитация үшін байланыс телефоны: +7 747 750 1132, Нина Омар, Алматы қаласы Туризм басқармасының баспасөз хатшысы.
27 қыркүйек 2024
Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейі, Зенков көшесі, 24а
Хабарландыру