Алматыда алғаш рет өрт-құтқару спорты-2024 әлем чемпионаты өтеді


Алматыда 15-18 тамыз аралығында жасөспірімдер мен жастар, жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар арасында 2024 жылғы өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді.
Әлемдегі үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағы үшін алты елдің Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары арасында сайыс өтеді. Сонымен қатар, Камерун мен Сауд Арабиясының өкілдері бақылаушы ретінде шақырылған.
🧯Төрт күн бойы спортшылар өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтан өтеді.
📢 Салтанатты ашылу рәсімі 15 тамызда сағат 20.00-де Орталық стадионда өтеді. Шоуда арнайы отты эффектілер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, ТЖ жағдайында өрт сөндірушілердің күшін көрсететін құтқарушы спортшылардың жанды жанды қойылымдары көрсетіледі. Сондай-ақ қатысушы командалардың шеруі өтеді.
Күні мен уақыты: 15 тамыз сағат 20.00
Мекен-жайы: Орталық стадион (Сәтбаев көшесі, 29/3)
15 тамыз 2024
Орталық стадион (Сәтбаев көшесі, 29/3)
Жарыс