Жастар күнін мерекелеу аясында Алматыда BBQ party өтеді
12 тамыз - Халықаралық жастар күні. Осы мереке аясында «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігіне орай ағымдағы жылдың 12 тамызында қаланың белсенді жастарының қатысуымен BBQ party өтеді.
BBQ party аясында жастармен бейресми түрде кездесу өткізу, қаланың жастар саясатын дамытуға үлес қосқан белсенді жастарды марапаттау жоспарлануда. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушылардан дәмді тағамдардан дәм тата алады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік жастар күнін мерекелеу аясында 3-12 тамыз аралығында қалада жастар үшін 60-тан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтті.
Оқиға күні
12 тамыз 2024
Өткізу орны
ул. Абая 8а (Университет международного бизнеса имени Кенжегали Сагадиева - UIB)
Оқиға түрі
Шығармашылық кеш
Кіру
Бесплатно