Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

1 наурызда Алматыда Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 29 ақпанда басталады. Осы күні сағат11:00 - деМемлекеттік мұрағаттаАлматы қаласының этномәдени қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен«АЛҒЫС АЙТУ-АСЫЛ ҚАСИЕТ» дөңгелек үстелініңотырысы өтеді.

Мереке күні Алматы мектептерінде сынып сағаттары мен ашық сабақтар, сондай-ақ қалалық кітапханаларда кітап көрмелері мен әдеби сағаттар өтеді.

 

Бұдан басқа, 1 наурызда Алматыда келесі іс-шаралар өтеді:

- «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында сағат 10:30 – да «Алғысайту – парызым»концерті өтеді, ал«Жаңа ғасыр»жастар театрының актеларысағат 11:00-де №2 қалалық балалар үйінде «Арыстан патша»спектаклін қояды.

-Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11:00-де «Алладиннің сиқырлы шамы»,ал 16:00-де «Арыстанныңқорқынышын қалай емдеуге болады?»спектакльдері көрсетіледі.

-сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйіндеғалымдар, тарихшылар мен алаштанушылардың қатысуымен Алғыс айту күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.

- сағат 15:00-де Alatau Cretive Hub-тамектеп оқушылары арасында«Алғысқа толы ақ жүрек!»поэтикалық конкурсы болады.

- дәл осы уақыттаД. А. Қонаевмузейіндемерекеге орай«ҚұрметтіДінмұхамед Ахмедұлы»хаттар көрмесі ашылады.

- Н.Тілендиевтің мемориалдық музейіндесағат 16:00-де «Ризашылық мейірімділік бұлағы»атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары мереке күні қалалық коммуналдық қызметтерге шай мен бауырсақ таратуды және қаланың пансионаттарында жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қаланың әрбір комьюнити орталығында концерттер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қаланың кейбір аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

-Түрксіб ауданында 29 ақпан күні сағат 15:00-де№6 Оқушылар үйінде Алғыс айту күніне арналған «Алғысым шекіз халқыма» атты концерттік іс-шара өтеді.

-Наурызбай ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-деШұғыла ш/а, 347/4 мекенжайда оқушылардыңинновациялық шығармашылық орталығында. мерекелік концерт өтеді.

-Әуезов ауданында 1 наурыз күні сағат 12:00-деАлматы сервистік қызмет көрсету колледжіндеҚабдолов көшесі, 12 мекенжай бойынша ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Оқиға күні

01 наурыз 2024

Оқиға түрі

Құттықтау