«Ұлы Дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі

«Ұлы Дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі

15 қазанда Алматы қаласының ипподромында Республика күнін мерекелеуге орайластырылған «Ұлы Дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді. Іс-шара бағдарламасында «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі», «Бәйге» ойындары, сондай-ақ әртістердің қойылымдары өтеді.

Ипподромға Кіру тегін

Өтетін күні мен орны: 15 қазан сағат 10: 00-де, Алматы қ. ипподромы, Омаров к-сі, 10А
Ақпарат үшін байланыс: Азамат Иманқұлов, фестивальды ұйымдастырушы, 8 747 857 34 73

Фестиваль бағдарламасы:

10:00 - «Қазақ күресі» қатысушыларды тіркеу
11:00 - Ашылу рәсімі
11:20 - «Көкпардың» басталуы
11: 30 - Орда шоу этно ұжымының қойылымы, қылыш айналдыру

12:00 - «Теңге ілу» ойынының басталуы
12:30 - «Жамбы ату» ойынының басталуы
13:00 - Шырғаға жүгірту, тазымен шоу
13:15 - Бүркітпен шоу, қолға қондыру
13:30 - «Аударыспақ» ойынының басталуынің
14:00 - «Құнан бәйгенің» басталуы
14:30 - «Аламан бәйгенің» басталуы

Оқиға күні

15 қазан 2023

Өткізу орны

Ипподром г.Алматы, ул. Омарова 10А

Оқиға түрі

Жарыс

Кіру

Свободный