«Ғабит әлемі» атты тақырыпта әдеби-танымдық кеш


13 қазанда С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Ғабит әлемі» атты тақырыпта әдеби-танымдық кеш өтеді.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Ері, драматург, аудармашы, академик, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын қалың оқырман қауымға насихаттау.
Кеште «Мазмұндама» баспасынан шыққан қаламгердің өмірі мен шығармашылығының айшықты кезеңдері баяндалған «Ғабит Мүсірепов кім?» атты кітаптың таныстырылымы болады. Кітаптың авторы – Ә.Қайырбеков.
Өтетін орны мен уақыты: 13 қазан 2023 ж., 11.00, Алматы қ., Қарасай батыр к.,49 үй, 25-ші пәтер (қиылысы – М.Төлебаев к.) (https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375151098)
Қосымша ақпарат: Кошербаева Анар, +7 (747) 2645265, Музей кешенінің жетекшісі
13 қазан 2023
г.Алматы, ул. Карасай батыра,49, кв 25.
Еске алу кеші