Әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың жұмыс сапары болады

Рабочий объезд руководителя аппарата Акима Алматы Бейбута Шаханова

12 қазан күні сағат 10:00-де Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың жұмыс сапары болады, оның барысында БАҚ өкілдері жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің ағымдағы жағдайымен таныса алады.

Өткелдерді аралау барысында мамандар аталған объектілерге қандай жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі, сондай-ақ Алматының жаяу жүргіншілер өткелдерін азаматтар үшін барынша жайлы әрі ыңғайлы ету үшін қандай жұмыстардың жоспарланғаны туралы туралы айтып береді.

Жиналатын орын: Республика алаңы, 4, Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының басты кіреберісі жанында сағат 9:30-да.

Аккредиттелу үшін көрсетілген нөмір бойынша хабарласу қажет: +7 708 973 46 55 немесе өтінімді 11 қазан күні сағат 17:00-ге дейін мына электронды мекенжайға жіберуге болады: info@rsk.almaty.

Оқиға күні

12 қазан 2023

Өткізу орны

Республика алаңы, 4

Оқиға түрі

Хабарландыру