Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы» ұйымдастырып отырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты

Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы» ұйымдастырып отырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты

7 қазан күні сағат 12:00-де Алматы қаласының ипподромында Қазақстан Республикасының «Бәйге Федерациясы» ұйымдастырып отырған Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтеді.

Қазақстанның түкпір - түкпірінде өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары финалда жарысады.
Жарыс бәйгенің 7 түрі: Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге, Жорға жарыс, Қазақстанда туылған құнандар бәйгесі, Ұлы аламан және екі жасар тұлпарлар арасындағы ұшқыр бәйге бойынша өтеді. Жалпы жүлде қоры 82 500 000 теңге.
Көрермендер үшін кіру тегін.

Өтетін күні мен уақыты: 7 қазан, 12:00. Алматы ипподромы
Байланыс үшін: Арайлым Ашимова, спорт басқармасының баспасөз хатшысы +77474323588

Оқиға күні

07 қазан 2023

Өткізу орны

Алматы ипподромы

Оқиға түрі

Жарыс

Кіру

Тегiн