Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2023 жылдың 6 қазанында Almaty Theatre-да (Алматы Театр, Әл-Фараби даңғ,30) сағат 15:00-де Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, ардагер мұғалімдер, жас мамандар, мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары, педагогтар қатысады.
Мерекелік іс-шарада «Almaty Ustazy» мен «Үздік білім беру ұйымы» байқауларының жеңімпаздары мараппатталады және қаладағы білім беру ұйымының мұғалімдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілерімен наградталады.

Іс-шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен аяқталады.

Қатысу үшін 6 қазан, сағат 09:00-ге дейін тіркелу керек.
8 702 823 67 24 Маржан Бақыт, Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Оқиға күні

06 қазан 2023

Өткізу орны

Almaty Theatre-да, Әл-Фараби даңғ, 30

Оқиға түрі

Концерт