Қарттар күніне арналған концерт


2023 жылғы 3 қазанда сағат 11.00-де Мамыр 7 шағын ауданы, 8А мекенжайындағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-де Қарттар күніне арналған концерт өтеді.
Мерекелік іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б.Нүсіпова, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж.Жаубасов, Әуезов ауданы әкімдігінің басшылығы, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысады.
Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, қызмет алушылармен, еңбек майданының қатысушылармен, көп жасаған қариялармен кездесу ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталады. Олар үшін мәдени-ойын-сауық іс-шаралары мен салтанатты түскі ас жоспарланған.
Өтетін күні мен орны: 2023 жылғы 3 қазанда Әуезов ауданы, Мамыр 7 ш/а, 8А үй «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ.
Толық ақпаратты 8 747 073 20 10 нөмірі арқылы білуге болады. Әуелова Гауһар Жұмабекқызы, әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы.
03 қазан 2023
Мамыр 7 ш/а, 8А үй «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ
Концерт