Алматы әкімдігінің ғимаратын реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баспасөз туры
3 қазан күні сағат 11:00-де Алматы әкімдігінің ғимаратын реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баспасөз туры өтеді.
Спикерлер:
- Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев;
- ATRIX Group құрылыс компаниясының бас директоры Әміржан Нәбиев.
Іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне ғимараттың тарихи сыртқы келбетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі қазіргі жай-күйі таныстырылады.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттың 80%-ына зақым келген.
Өтетін орны: Алматы қаласының әкімдігі, Республика алаңы, 4.
Тіркелу үшін мына нөмірге
+7 747 856 9851 хабарласыңыз немесе өтінімді 2 қазан сағат 17:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз.
03 қазан 2023
Алматы қаласының әкімдігі, Республика алаңы, 4.
Хабарландыру