«Ашық аспан астындағы цирк»

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында 20 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік циркінің «Ашық аспан астындағы цирк» атты бірегей шоуы өтеді.

Шоуда трапеция нөмірлері, әуе гамагындағы гимнастика, акробатика, жонглерлер, сайқымазақтар және т.б. бар. Сахнада Гран-при иегерлері мен халықаралық цирк өнері фестивалінің алтын жүлдегерлері өнер көрсетеді.

Өтетін күні мен орны: 20 қыркүйек сағат 18:00-де, Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының алдындағы алаңда, Абай даңғылы, 50

Ақпарат алу және аккредиттелу үшін байланыстар: Айнұр Баженова, Қазмемциркінің баспасөз қызметі, 8 702 777 77 96

Оқиға күні

20 қыркүйек 2023

Өткізу орны

Абай даңғылы, 50

Оқиға түрі

Мерекелік концерт