«Қорғау-2023» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын

Алматыда 14 қыркүйекте сағат 10:00-де аумақтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының аумақтық қорғаныс әскери міндетті бригадаларымен «Қорғау-2023» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларын өткізетін болады.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндеттер, аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне берілген объектілерді қорғау және қорғау бойынша тәжірибе алмасу пысықталатын болады.

Практикалық оқыту шеңберінде әскери қызметшілермен Қараой кенті маңындағы Іле оқу полигонында штаттық атыс қаруынан жауынгерлік атыс жүргізілетін болады.

Өтетін күні мен орны: 14 қыркүйек сағат 10:00-де, Қараой кенті, Іле оқу полигоны (https://goo.gl/maps/gpzUQU25oSwk4sSy9)

Аккредиттеу үшін байланыстар: Рымбек Ержан, Алматы қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, 8 777-613-01-21

Оқиға күні

14 қыркүйек 2023

Өткізу орны

Қараой кенті, Іле оқу полигоны

Оқиға түрі

Оқу-жаттығу