Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылуы

Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылуы

Алматыда 11 қыркүйек күні сағат 18:30-да Алматы қаласы күнін тойлау және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 95-ші мерейтойлық театр маусымы аясында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылады.

Іс-шараға алыс-жақын шетелдерден 20-35 жас аралығындағы әншілер қатысады. Іріктеу кезеңінде барлық қатысушы операдан, кантатадан, IX - XX ғғ. классикасынан және т.б. 4 шығарма орындайды. Іріктеу туры 12-14 қыркүйек аралығында сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Вокалистер байқауы 11-17 қыркүйек аралығында өтеді, қорытынды турға 14 қатысушы жіберіледі.

Өтетін орны мен күні: ашылу салтанаты 11 қыркүйекте сағат 18:30-да, Абай атындағы ҚҰОБТ үлкен залында өтеді. Қабанбай батыр көшесі, 110.

Ақпарат үшін байланыс: Әбдікәрімова Қарлығаш, байқаудың үйлестірушісі, 8 701 711 82 80

Оқиға күні

11 қыркүйек 2023

Өткізу орны

Абай атындағы ҚҰОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110

Оқиға түрі

Конкурс