«Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция


Алматыда 7 қыркүйек күні сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы, дипломат, Орталық Азия тарихы мен мәдениеті жөніндегі кітаптардың авторы Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияға отандық және алыс-жақын шетелдерден 100-ден астам ғалым-зерттеушілер шақырылған, сонымен қатар жазушылар, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің басшылары қатысады.
Конференцияда Мұрат Әуез елеулі үлес қосқан «Жас тұлпар» қозғалысы, «Невада-Семей» қозғалысы туралы мәселелер, ұлттық кинемотографиядағы «Жаңа толқынның» қалыптасу мәселелері, «Жібек жолы бойындағы сұхбаттар» жобасы, Қытайдағы елші ретіндегі дипломатиялық қызметі, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудағы еңбегі, Қазақстан тарихына, әдебиеті мен мәдениетін терең зерттеген еңбектері баяндамаларға арқау болып, жекелеген сессияларда талқыланатын болады.
Өтетін орны мен уақыты: 7 қыркүйек 11:00 – де, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасы (https://go.2gis.com/wspla)
Қосымша ақпарат: Қайратұлы Рустем, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 8707 600 62 60
07 қыркүйек 2023
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасы
Конференция