«Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі


Алматыда 2-3 қыркүйекте «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді! Іс-шара «Алматы-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында қала күніне орайластырылды.
Фестиваль аясында этномузыканттардың қойылымдары, қолөнершілердің шеберлік сыныптары, шетелдік және қазақстандық дәстүр сақтаушылардың орындауындағы көшпенділердің жауынгерлік өнерін көрсету өтеді.
Барлық қатысушы үшін кіру тегін
Өтетін орны мен күні: 2 қыркүйек сағат 10.00-де, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі,
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 2-3 қыркүйекте сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаладан Байтұрсынов көшесімен, Абай даңғылына (Астана қонақ үйіне қарама-қарсы) жетпей, Алматы -1 теміржол вокзалынан, Н. Сац атындағы «Балалар мен жасөспірімдер театрынан» және «Алатау» дәстүрлі өнер театрынан арнайы автобустар қатынайды.
02 қыркүйек 2023
03 қыркүйек 2023
«Боралдай сақ қорғандары»
Басқа
Тегiн